Жаңа жылға қарсы пойыз билеті қымбаттамақ
Жаңа жылға таяу мерекелік науқан басталысымен елде қарым-қатынас, қарбалас көбейетіні белгілі. Ал жолаушылар тасымалы бұл мүмкіндікті мүлт жібергісі келмейді
Қыста пойыз билетіне деген сұраныс артады, өйткені күн суық болғандықтан, автобуспен не көлікпен қатынауға тұрғындар құлық таныта қоймайды. Алайда жаңа жыл қарсаңына қарай облыста пойыз билетінің бағасы қымбаттамақ. Сондықтан билеттерді ертерек сатып алған жөн.
- «Тұлпар-Тальго» пойызының билет бағасы тұрақты емес. Сұраныс көбейген сайын, құны да өседі. Биыл оның бағасы 20-30 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Сондықтан тұрғындар билеттерді алдын ала сатып алса болады, - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары.
Дегенмен, билет бағасы қымбаттаса да, ҰОС мен ауған арадагерлеріне жеңілдіктер берілмек. Мәселен, Ұлы Отан соғысы ардагеріне билет 99 пайыз, ауған жауынгеріне 50 пайыз жеңілдікпен беріледі.
Ал Ресей мен Қырғызстанға аттанушыларға билет құны 55 пайызға арзандатылып сатылмақ.