Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ана екі баласын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған

Ішкі істер департаменті тамыз айында Үлкен Нарын ауылында болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты тергеу амалдарын аяқтады

Қанды оқиға 10 тамыз күні Катонқарағай ауданына қарасты Үлкен Нарын ауылында болғаны белгілі. Үйдің ішінен екі баланы мәйіті мен ток сымына асылып тұрған 34 жастағы келіншектің мүрдесі табылған болатын. Ал үйдің отағасы полиция қызметкері болса да, қанды оқиғадан бейхабар болған. Көз жұмған баланың бірі 10 жаста болса, бірі әлі жасқа толмаған сәби болатын. Жантүршігерлік оқиғаны тергеп-тексеруді ШҚО Ішкі істер департаменті өз қолына алды.

Кейін ШҚО Прокуратурасы екі баланың денесінде пышақ пен жарақат іздері табылғанын айтып, мұның қасақана қылмыс екендігін мәлімдеген. Қылмыстың мән-жайын тексеруді облыстық прокуратура да өз қарамағына алды.

- Оқиға орнында жедел іздестіру жұмысы тексеріс жүргізді. Істі тексеруге процессуалды прокурор тағайындалды, - дейді облыстық прокуратура.

Ал 4 желтоқсан күні Ішкі істер департаменті өзі атышулы істің жабылғанын хабарлады. Тергеу амалдары екі баланы да әйелдің өзі өлтіргені, кейін өз-өзіне қол жұмсағанын дәлелдеп берді.

- Жұмыс тобы тергеуді мұқият жүргізді. Әрбір куәгер мен тұрғыннан пікір алынып, оқиға деректерімен салыстырылды. Кем-кетігіне дейін зерттелді. Тергеу амалдары нәтижесінде, екі қызды анасының өзі өлтіргені белгілі болды. Бұдан кейін келіншек те өз-өзіне қол салған, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Келіншектің неліктен мұндай қиянатқа барғаны белгісіз. Алайда былтыр да Шемонаиха ауданында осыған ұқсас жантүршігерлік оқиға орын алған болатын. Жас ана өзінің үш баласын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оның бірі екі жасқа толмаған сәби болып шыққан. Ананың кішкентай бүлдіршіннің өзіне қол жұмсайтындай не жетті? Ана махаббаты қызғаныш пен кек қайтарудан артық болғаны ма...


Следующая →