Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскеменде 140 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Өскеменде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 140 балаға арналған «Дария» балабақшасы ашылды

Мереке қарсаңында ашылған балабақша толықтай демеушілердің қаражатына салынған.

Салтанатты шарада ШҚО әкімі Даниал Ахметов шағын аудан тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтап, балабақшаға сыйлық табыс етті.

– Шығыс Қазақстан балабақша тапшылығының алдын алып, кішкентай бүлдіршіндерге барлық жағдайды жасап отырған аймақтардың бірі. Осындай үлкен мереке қарсаңында сіздердің шағын аудандарыңызда балабақшаны ашу мен үшін үлкен құрмет. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев басқарған мемлекетте жастардың болашағына көптеп көңіл бөлініп жатыр. Келешекте дәл осы балабақша тәрбиеленушілері еліміздің ертеңін қалаған патриот болатынына сенімдімін, – деді Даниал Ахметов.

Жаңа 140 орындық №13 «Дария» балабақшасы 7 топқа бөлінген. Оның 6 тобына қазірдің өзінде балалар қабылданды. Жаңа мекемеде балаларға арналған үйірмелер мен ойын алаңдары толықтай жаңа жабдықтармен қамтылған.

Айта кетсек, балабақша ашылып отырған «Карабах» ауданының тұрғындары балабақша тапшылығын айтып, бірнеше мәрте мәселені көтерген. Тек облыс әкімдігі «AES Қазақстан» компаниялар тобымен меморандумға қол қойғаннан кейін, балабақша құрылысы аймақ басшысының бақылауына алынады. Жаңа мекеме демеуші қаражатына салынғанымен, толықтай қала әкімдігінің меншігіне тапсырылды.
Следующая →