Өскеменде пиротехникалық тауарларға тексеріс жүргізілмек
Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен полиция қызметкерлері Жаңа жылға қарсы от шашу мен салютты заңсыз сатқан «саудагерлерді» ұстамақ
Мұндай тексерісті полиция мен инспекторлар жыл сайын өткізеді. Әрі заңсыз сатылған тауарларды тәркілеп алады.
- Желтоқсан-қаңтар айларында Өскемен қаласында жаппай тексеріс жүргізіледі. Заң бұзғын кәсіпкерлер табылса, әкімшілік айыппұл салынбақ, - дейді Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар Жаңа жыл қарсаңында өрт пен күйік шалу оқиғаларының көбейетіндігін айтады. Ал сатушылар от шашуды арнайы орында сақтауы қажет. Өйткені кез келген уақытта ол жарылуы мүмкін.