«Ақсай-нан-Өскемен» жабылады
Еліміздегі ұн өнімдерін әзірлейтін ірі кәсіпорынның облыстағы филиалы жабылмақ
Компания қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, бұл шешімді ЖШС-ның Алматыдағы бас кеңсесі қабылдаған. Жұмыскерлердің жартысы жұмыстан босатылған.
«Ақсай-нанның» қызметкерлері соңғы уақытта қаладағы бөлімшесіндегі басшылық жиі ауысып, компания өнімдерінің саны азая түскен.
Қалада нан өнімдерін шығару кәсібі тиімсіз болғаны ма? Бұл туралы Өскемендегі наубайхана иелерінің бірінен сұрап көрген едік.
- Бұрын наубайхана ашу тиімді еді, - дейді Алексей Межебицкий. - Қазір нарықтағы бағаны түсіріп жіберген кәсіпкерлер пайда болды. Бізде бір бөлке нанның өзіндік бағыс 70 теңге болса, ол кәсіпкерлер дүкендерге нанды небары 60 теңгеден береді. Олар бағанф қалай арзандатып отырғаны түсініксіз. Үш жыл ішінде нан бағасы шамалы ғана көтерілсе, ұнның толайым бағасы келісіне 50-ден 822 теңгеге дейін қымбаттап кеткен.
Следующая →