30 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Ресейлік темекі шегушілер көршілеріне ақы төлейтін болды
РФ жоғарғы соты қылтимада тұрып темекі шегетіндерден өтемақы өндіруге рұқсат берді. Көршілерге темекі иісі кедергі келтіреді, деп хабарлайды ТАСС. Мұндай шешім Новосібірдің екі тұрғындарының ісіне сүйене отырып шығарылды. Қуыным беруші соттан көршісінің қылтимада темекі шекпеуін сұрады. Себебі темекі иісі оның күйі мен баласының денсаулығына зиян келтіреді. Арыз беруші 250 мың рубль көлемінде моральды шығын талап етті.
Нәтижесінде Ресей Жоғарғы соты өтемақы талабын қанағаттандырмай, қуыным алушыға 5 мың рубль көлемінде айыппұл салды.
Табаковтың күйі жақсармады
КСРО халық әртісі Олег Табаков әлі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Интерфакс.
- Олег Павлович әлі жеке палатада, жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы бірқалыпты болса да, ауыр халде, - дейді агенттік.
Мұнымен қоса ол Табаковқа ота жасалды деген деректі жоққа шығарды. Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, барлығы трахеостманы орнатумен шектелген. Ал ота жасау қажеттілік тудырмаған.
Пәкістанда ата-аналарының рұқсатынсыз үйленген жастар өлтірілді
Қайғылы оқиға Карачи қаласында орын алған. Қараша айында неке қиған 24 жастағы Абдул Хади мен 19 жастағы Хасина Биби құрбан болған, деп хабарлайды zakon.kz сайты.
Жастардың денесі жақын маңдағы жергілікті зиратта, пышақ жарақаттарымен табылған. Адам өлтірді деген айыппен Хадидің әкесі және жұптың тоғыз туысы ұсталды. Қыздың әкесі әзірге құқыққорғаушылардан жасырынуда.
Ұсталғандардың барлығы өз әрекеттерін мойындап, қыз бен жігіт пуштун дәстүрін бұзғандары үшін жергілікті тайпа кеңесінің шешімімен өлтірілгенін айтқан.
Кейбір деректер бойынша, жыл сайын Пәкістанда мыңдаған әйелдер өз туыстарымен өлтіріліп, «намыс өлімінің» құрбаны болады.
Жуықта, Пәкістанда 17 жастағы бозбала мен 15 жастағы қыздың электр қуаты арқылы туыстарымен өлтірілгені хабарланған.
Сирек кездесетін алқызыл түсті гауһар тас жаңа рекорд орнатты
Christie's аукцион үйі Гонконгта сирек кездесетін «Алқызыл уәде» гауһартасын 32 миллион АҚШ долларына сатты, деп хабарлайды Еuronews.
Оның әрбір караты 2,13 миллион долларға бағаланған. Сопақ тас платиналы жүзікке тағылып, айналасы кішігірім гауһар тастармен әшекейленген. Бұл құнды дүние «Алқызыл гауһар тастар арасындағы Пикассо» деп те аталып кеткен.
- Алқызыл гауһартастар арасында бұл тастың түсі керемет. Көлемі 15 каратқа жетеді. алмағы әжептәуір, түсі әдемі, тап таза, керемет өңделген тас. Бұл қасиеттерінің барлығы өз құнына лайықты, - дейді аукцион үйінің зергері Рахул Кадакия.
Сатып алушының есімі әзірге аталмады. Саудаға 140 үміткердің қатысқаны белгілі. Гауһар тас алғашқы кезінде 16 каратты құрап, түсі қоюлау болған. Бұрынғы иесі жылтырлық деңгейін өсіру үшін қайта қайратып, бағасын өсірген. Бұл зергерлік операция бірнеше жыл қатарынан жоспарланып келген.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Верховный суд России Олег Табаков Розовый бриллиант Убийство в Пакистане