Өскеменде басты шырша шамы жағылды
Орталық алаңдағы жаңажылдық иллюминацияны жұмысшылар тестілеу негізінде қосты
Кеше Өскемендегі жаңа жылдық шыршаның жағылуы, оның орынды жұмыс істеуі тексеруден өтті.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңажылдық шыршадағы шарлар жоғары бағытталып, жылдағыдан ерекше орнатылған.
- Шарлар мен гирляндалар саны былтырғы жылдан екі есеге артты, - дейді «Экспертиза және сараптама» ЖШС директоры Александр Хасис. - Былтыр біздің шырша Қазақстандағы ең әсем шырша деп мойындалған. Ал биыл одан да сәнді бола түседі.
Қала аудандары дәстүрге орай сәнделді. Бұл орталық алаң, Қазақстан көшесі, Гагарин бульвары, ММҮ алаңы, Комендантка өзенінің жағасы мен Әуежай ауданы.