Ресей шекарасында әскери роботтар пайда болуы мүмкін
Заманауи технологияны жаппай енгізу қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап, құрылғы қызметіне дейінгі мәселелер қатарын шешеді
Бұл туралы Tengrinews сайтында хабарланды. «Уран» робот техникалары кешені отбасын шығарушы кәсіпорын бас директоры Дмитрий Остапчуктың айтуынша, мемлекеттік шекараларды сенімді қорғау сұрағы әскери роботтарды жаппай енгізу арқылы шешіледі. Сонымен қатар олар тәжірибесіз ұжым мен тірі күш мәселелерін шеше алады.
- Біріншіден Ресей шекарасының ұзындығы 12 мың шақырымды құрайды. Ал мұндай алып аумақтың халқы салыстырмалы түрде аз. Ал бір адамды екі танкіге отырғыза алмайсың. Бір сөзбен айтқанда біз азбыз, ал роботтар бұл мәселені шеше алады, - дейді Д. Остапчук.
Оның айтуынша, роботтар үлкен физикалық қасиетке және деректерді жылдам өңдеуге қауқарлы.