Өскеменде жылыту пештерінің кесірінен үйлер өртенуде
Өткен демалыста облыс орталығында тоғыз өрт оқиғасы орын алса, оның басым бөлігі жөнді емес пештерге байланысты орын алған
Сенбі күні таңғы төрттер шамасында Пестель көшесінде жер үйдің шатыры өртенді. Тілсіз жау шатыр жабындысы мен үйдің қабырғасын жалмаған.
Өрт моншаны да жалмап үлгерген. Қуанышқа орай, оқиға құрбансыз өтті. Дәл осы күні Титанова көшесінде жер үйдегі шатырдың ағаш жабындылары лауласа, Таулы-Алтай көшесінде көлікжай мен шаруашылық құрылымдары жанып кетті.
Жексенбі күні Ескі Согра мен Әуежай аймағында өрт оқиғалары орын алды. Шаруашылық құрылымдары мен моншалар лап берген. Барлық жағдайларда құрылғылардың дұрыс орнатылмауы мен пештердің дұрыс қолданылмауы себеп болды.
Следующая →