Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бала тәрбиесінде отбасының рөлі зор

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанының негізінде Өскемен «Білім-инновация» лицейі бірқатар шараларды атқарды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын орындау шеңберіндегі «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанының негізінде Өскемен «Білім-инновация» лицейінің атқарып жатқан жұмыстары біршама.  

 Лицей мамандарының сөзіне сүйенсек, оқушылардың әлеуметтік жағдайларын анықтау барысында сынып жетекшілері мен тәрбиешілері бірігіп ата-аналарымен, отбасы құрамымен танысу жұмыстарын жүргізеді. «Отбасында зорлық-зомбылық жоқ» атты ауқымды ведомствоаралық рейдтік шараның негізінде оқушының отбасылық жағдайын, әлеуметтік-психологиялық мәселелерін анықтай отырып, жекелей жұмыстар жүргізуге болады. Сыныптағы әр оқушының отбасымен таныстық жүргізіп, отбасы лық жағдайын анықтау әдісі сынып жетекшісі үшін өте маңызды. 

 Балаларға қатысты кез келген құқықбұзушылық отбасымен тікелей байланысты. Өйткені кәмелеттік жасқа толмаған оқушыларға  ата-анасы тікелей жауапты. Сол себепті қоғамда болып жатқан әр түрлі зорлық-зомбылық, қарақшылық, өз-өзіне қол салу сияқты қылмыстық шаралардың алдын алу үшін отбасындағы мәселелер қаралуға тиіс. Білім-инновация лицейінің сынып жетекшілері мен тәрбиешілері оқушының отбасылық жағдайымен танысу барысында ата-аналармен бірлескен сұхбат өткізеді. Бұндай ашық әңгімелер оқушыларға үлкен сабақ болып табылады. 

  Мектеп оқушысы үшін отбасының атқарар рөлі ерекше екендігіне дәлел ретінде ата-аналар арасындағы дәстүрлі «Достық» спартакиадасы, велошеру, «Аялы алақан» қайырымдылық қоры, «Наурыз мерекесі», сонымен қатар әр тәрбие сағатында бір ата-анадан келіп, өз өмірлік тәжірибесінен дәріс өткізетін сабақтарды ауыз толтырып айта кетуге болады. Ата-ананың баласы үшін мектеп өміріне аз да болса уақытын бөліп қарауы жасөспірімнің дұрыс жолда жүре білуіне өз ықпалын тигізеді. 
Следующая →