ҚР Энергетика министрі жанармай бағасы туралы әзіл айтты
Сұхбат барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозумбаев Рахим Ошақбаевқа анекдот айтып берді
Сұхбат барысында Қанат Бозумбаев отын нарығындағы жағдай туралы, желтоқсан айындағы жанармай бағасының болжамын айта келе, әңгімені әзілмен аяқтады.
- Энергетика минстрі өзінің орынбасарын шақырып: «Жарнамай бағасының неге өскенін түсінесің бе?» депті. Сонда орынбасары: «Себебі өзіндік құны өсті, Ресейден импортталды және т.б.». Ал министр оған: «Өзім де түсіндіре алдым, бірақ әлі түсіне алар емеспін» деп жауап қатыпты, - дейді Бозумбаев.
Оның айтуынша, халқымыз барлығын әзілмен қабылдауға үйреніп қалыпты.
- Қазір жанармаймен жағдай қалыпты. Дизель отынының нарығы да қалыпты болады. Өзіміздің ішкі мәселелерімізді импортпен жабамыз. Ал қалғанын «ҚазМұнайГазбен» жөнге келтіреміз, - дейді министр сөзін аяқтап.
Следующая →