Риддерде мас адам пәтерінде өртеніп кете жаздады
59 жасар қала тұрғыны мас күйінде пәтерінен шыға алмағандықтан, иіс газына тұншығып қалған
Өрт екі қабатты ағаш үйден шыққан. Қиратуға лайықты ескі үйдің үш пәтерінде адамдар тұрып жатқан.
Құтқарушыларды куәгерлер шақырған. Оқиға орнына келген құтқарушылар үйдің бір қабырғасын өрт жалмағанын, үй иесінің кіреберісте жатқанын көрген. Ол қатты мас күйінде қауіпті орыннан кете алмаған.
- Зардап шегуші иіс газына уланып үлгерген, - дейді Риддер қаласының ӨБҚ-4 караулының басшысыАйдар Баянбаев. - Жедел жәрдем қызметін шақырдық. Тұрғындардың қалғаны далаға шығып үлгерген.
Өрт бір жарым сағат ішінде сөндірілген. Зардап шеккен 59 жастағы ер адам риддерлік аурухананың травмотология бөліміне жатқызылды.
Следующая →
Тақырыптар:
Пожар в Риддере