Бұқтырма су қоймасындағы өткел биыл жабылды
Катонқарағай мен Көкпекті аудандары арасында қатынайтын паром Бұқтырма жағалауының екі жеріне келіп тоқтап, жолаушыларды жағаға түсіреді
Алайда оның бірі – Васильев өткелі 20 қарашадан бастап жабылады. Өткел келесі жылы көктемде ашылмақ.
Ал екіншісі - «Қызыл Ту» өткелі де жақын уақытта жабылады. Желтоқсан айының соңына дейін ашық болуы мүмкін.
Алайда бұл өткелде кемемен тасымалдау бағасы 20 пайызға өскен. Мұны ШҚО жолаушылар тасымалы және автобиль жолдары басқармасы дизель отынының қымбаттауымен түсіндірді.