Зейнетақы қорының қаржысы салынған банк банкрот алдында тұр
Қазақстан азаматтарының қаржысы салынған Delta Bank, RBK және Казинвестбанктің қаржылық жағдайы қиын екені белгілі. Алайда бұл зейнетақы қорына әсер ете ме?
Бұл мәселені Sputnik.Kazakhstan сайты тілшілері көтеріп отыр. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Нұрбибі Наурызбаева бұл сауалға жауап беріп, Delta Bank пен Казинвестбанктің есепшотына зейнетақы қорының қаржысы салынғанымен, қайтарылып алынғанын айтты.
- Ал RBK банкінде 49 млдр зейнетақы қаржысы жатыр. Алайда бұл банктен зейнетақы қорының қаржысын қайтарып алуға ештеңе кедергі келтірмейді. Бұл мәселені Ұлттық Банк өз қарауына алған, - деп жауап қайтарды Нұрбибі Наурызбаева.
Айта кетейік, Казинвест банкінің лицензиясы 2016 жылы тартылып алынса, Дельта Банктің лицензиясы қараша айында тартып алынған болатын.