Семейде жүк көлігі оқушыны басып кетті
Алдын ала деректерге қарағанда, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан. Ал алтыншы сынып оқушысы оқиға орнында мерт болды
Қайғылы оқиға кеше кешке сағат жеті шамасында Гагарин көшесінде орын алған.
Газ-53 көлігінің тежегіші істен шығып, ішінде отырған 45 жастағы жүргізуші көлікті жаяу жүргіншілер жолағымен жүріп жатқан тұрғындарды басып кетпеу үшін тротуарға қарай бұрған. Ал тротуар бойында алтыншы сынып оқушысы жаяу келе жатқан.
Бала алған жарақатынан тіл тартпай кетті.
- Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалуда. Ол жол ережесін бұзып, адам өлтіргені үшін айыпты саналмақ, - дейді Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметі басшысы Елубек Оспанов.
Жол оқиғасын көрген куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тағы бір кішкентай қызды таптап кетуі мүмкін еді, қуанышқа орай, қыз бала дер кезінде қашып үлгерген.
Устинка LIVE көз жұмған оқушының ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.