Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағандыда полиция қызметкері өз әріптесіне оқ атқан

Қарағанды Ішкі істер басқармасының Орталық полиция бөлімінде полиция қызметкері әріптесіне оқ атты

Зардап шегуші қолына алған жарақатпен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді, деп хабарлайды www.inform.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, табельді қарудан оқ кездейсоқ атылып кеткен. Тапаншадан атқан полицей қызметтік көліктің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Зардап шегуші - Орталық аудандық ішкі істер бөлімі анықтау бөлімінің анықтаушысы.

Полиция қызметкері қызметтік кабинетте тапаншаны неліктен алып шыққаны және оның табельдік қаруды қаншалықты пайдалану білетіндігі қазір анықталу үстінде.

Прокуратурадан мәлім еткендей, күдікті қамауға алынған жоқ. Оған қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталмыш аудандық ішкі істер бөлімінде бұл бірінші оқиға емес. Бұған дейін үшінші қабаттағы терезеден алаяқтық күдігімен ұсталған адам секіріп кеткен болатын. Оның алған жарақаттарына қарамастан, Орталық бөлімнің полицейлері оны ғимартқа қайта кіргізіп, жауап алуды жалғастырған. Ол ауырсынудан есінен тана бастаған кезде ғана жедел жәрден шақырылған. Дәрігерлер «бас-миының шайқалуы және қолының сынуы» диагнозын қойды. Ол өзіне қатысты күш көрсетілгенін айтып берді.

Следующая →