Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Қытайға күнбағыс майы тасымалданады

Үржар ауданында күнбағысты қайта өңдеп, шығарылған майды Қытайда сату жоспарланған

Өңір басшысы Даниал Ахметов қытайлық CITIC Construction компаниясының өкілдерімен ынтымақтастық туралы келісімге келді.

- Біздің облыс бүкіл Қазақстан бойынша күнбағыс майын өндіруден алдыңғы орында, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов кездесу барысында. - Күнбағыс майын өндіретін зауыт салып, бүкіл өнімді Қытайға тасымалдай аламыз. Қазіргі таңда біз 360 мың гектарға күнбағыс егеміз. Қытай тарапынан жасалған өтінім бойынша бұл алаңды кеңейте аламыз. Қажет болған жағдайда қосымша 50 мың гектар жерді егістікке бөле аламыз.

Анықталғандай, Қытайдың солтүстік-батысында күнбағыс майына деген тапшылық туындапты-мыс. Зауыттың қашан салынып басталатыны белгісіз. Алайда қытай компаниясының өкілдері нысанды көтеруге қаржыландыру өз тарапынан болуы мүмкін екенін айтқан.

Айта кету керек, өңір басшысы Қытайға күнбағыс майын экспорттайтын зауытты Өскеменнің өндірістік аумағында тұрғызуды ұсынған.

 

Следующая →