Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да малдар бруцеллезге шалдыққан

Облыста он айдың ішінде бір миллионнан аса ірі қара мен екі миллионнан астам қой-ешкі ветеринариялық тексеруден өткізіліп, бруцеллез ауруымен ауыратын малдардың саны анықталған

Тексерістен өткен 1 124 955 ірі қараның 13600-інен оңды белгілер табылса, 6060 қой мен ешкінің ауру жұқтырғаны анықталған. Әсіресе, Курчатов пен Риддер қаласы, Зайсан мен Тарбағатай ауданындағы бруцеллезге шалдыққан ірі қаралардың саны көп. Мәселен, осы жылы Зайсанға қарасты Шілікті ауылында 1500-ден аса ірі қараның бруцеллезге шалдыққаны белгілі.

- Курчатовта тексерілген ірі қараның 4,5%-ы, Зайсандағы сиырлардың 3,3%-ы, Риддердегі ірі қараның 2%-ы бруцеллез ауруы белгілерін жұқтырған. Ал Зайсан ауданындағы ұсақ малдардың 1,2 пайызы сарып ауруын жұқтырса, Курчатовта ол 0,9 пайызға тең. Ал облыста ұсақ малдың 0,25 пайызында бруцеллез белгілері бар, - дейді ШҚО ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Шынтеміров.

Зайсан мен Тарбағатай ауданындағы мал дәрігерлік бөлімдері мемлекеттің ветеринария жөніндегі заңнамасын өрескел бұзған.

- Тарбағатай ауданындағы бірнеше ауыл мен Зайсандағы Кеңсай, Қаратал ауылдарына басқармадан бруцеллез ауруына тексеріс жүргізуді ерте бастау жөнінде бұйрық түссе де, бұл бөлімдер тапсырманы үш ай кешіктіріп бастаған. Қожалықтардағы бұқа мен қошқарларға сапалы талдама жұмысын жүргізбеген. Сондықтан ауданда аталмыш аурудың белгілері артып, індет жұқтырған малдардың саны көбейген. Ал сауықтыру шарасы кешіккен, - дейді Асқар Мұратқанұлы.

Кейбір шаруалар малдарын бруцеллезге тексертуден мүлдем бас тартқан көрінеді. Мәселен, Ұлан ауданындағы Сағыр ауылының тұрғыны ірі қараларын мал дәрігерлеріне тексертпей қойған. Шаруаның ісі сотта қаралып, ықтиярсыз тексеру туралы шешім шығарған.

Жарма, Күршім, Зайсан аудандары мен Курчатов, Риддер қалаларындағы мал ауруының таралуы былтырмен салыстырғанда екі-үш оқиғаға азайған. Ветеринария басшылығы мал ауруларынан айығудың басты жолы екпе жүргізу екендігін айтады. Облыста үш жылдан бері бруцеллезге қарсы екпе жасалуда. Үш жылдың ішінде 300 мыңнан астам малға вакцинация жүргізілген.

Басқарма алдағы уақытта екпе дәрілерді сақтауға арналған сыйымдылығы 400 литрге тең 316 тоңазытқышты сатып алуды жоспарлап отыр. Бұған 112 млн теңге қаржы қажет. 

Следующая →