ШҚО да ер адам өрттен қаза тапты
Бородулиха ауданының тұрғыны өрттен қаза тапты. Құтқарушылар екі газ балонын алып шығып, жарылыстың алдын алды
Қайғылы оқиға Жаңа Шүлбі ауылындағы Краснопартизанский көшесінде орын алған. Жер үй өртеніп, көршілері өртсөндірушілерге хабарласқан.
Құтқарушылар алты минут ішінде келсе де, үйдің қосымша бөлмесі, ас үй, еден мен шатыры өртке оранып кеткен. Өртсөндірушілер үйден 67 жастағы ер адамның мәйітін анықтап, ыстықтан үрленіп кеткен газ балондарын ас үйден алып шығуға асыққан.
ШҚО ТЖД деректері бойынша, өрт екі себептен шығуы мүмкін: мас күйде отты пайдаланудағы абайсыздық немесе темекі шегу барысында абайсыздық таныту.
Следующая →