Семейде жемқорлық жасағаны үшін мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды
Түзету мекемесінің қызметкері мемлекет қаржысын жымқырып, оны кәсіпкер танысының есепшотына аударып отырған
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметтеріне сүйенсек, «Еңбек-Семей» филиалының директоры мен қаладағы ірі кәсіпкерлердің бірі бірлесіп, мемлекет қаржысын жымқырып келген.
Түзету мекемесінің басшысы мемлекеттік сатып алу байқауын өткізбей-ақ, үкімет ақшасын таныс кәсіпкердің компаниясына аударып отырған. Ал тапсырылған жұмыстардың бірде-бірі жасалмаған, алайда мемлекетітк құжаттардың барлығы жалған толтырылып келген.
Сот төрағасы ҚР Ішкі істер министрлігіне «Еңбек» кәсіпорнының директорына шара қолданып, жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс жасаған.