Ұшқыш нәрестені құтқарып қалды
Нәресте облыс орталығынан 400 шақырым жердегі ауылда дүниеге келіп, дәрігерлердің бақылауына мұқтаж болған
Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге уақытынан ерте келген сәбиге шұғыл дәрігерлер көмегі қажет болған.
Өскемен қалалық ТЖБ хабарлағандай, Санитарлық авиация орталығының ШҚО филиалы дәрігерлері шұғыл ұшқанымен, ауа райының қолайсыздығынан ұшақ жерге қона алмаған. Мамандар келесі күні ұшуға бел байлағанымен, ертеңінде де күн райы ашыла қоймаған. Алайда "Казавиаспас" АҚ әуе кемесінің командирі Болат Доскенов ауа райы жағдайына қарамастан ұшу бел буған. Саниатарлық авиацияның екі дәрігері, инженер мен командирі жерге ымырт жабыла қонған.
Осылайша нәресте Өскеменге жедел жеткізіліп, дәрігерлер көмегін алған. Қазіргі таңда сәби дәрігерлердің бақылауында.
Следующая →