Облыста екі мыңнан астам әйел зейнетке кетуге асықпай отыр
Зейнет жасы жақындады, ал Шығыс Қазақстандағы кейбір әйелдер зейнетке шығуға асығар емес
Егер 1959 жылы туылған әйелдер зейнетақы алу жөніндегі құжатты 31 желтоқсанға дейін толтырмаса, онда зейнетақы беру 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жарты жылға дейін кешіктіріледі.
- Қазіргі уақытта 1959 жылы туылған 2000-нан астам әйел тұрғын зейнетақыға құжат рәсімдеуге асықпай отыр, - дейді ШҚО Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің әлеуметтік мәселелер жөнінде департамент басшысы Марина Шаронова. - Ал олардың құжат толтыруға құқығы толықтай бар.
Өтініш толтырылғаннан кейін ғана зейнетақы төлене бастайды. Ал мамандардың айтуынша, зейнет жасына толмай тұрып он күн бұрын жергілікті Халыққа қызмет көрсету орнына барып, барлық құжаттарын тапсырып салуы қажет.
Ал зейнетақының қандай сомада болатындығын Қазақстан көшесі, 159/4-үй мекенжайында орналасқан ХҚКО-дан білуге болады. .