Әлемдегі қанішер маньяктардың бірі өз өлімімен қайтыс болды
Адамды өлтіруден «рахат алатын» Чарльз Мэнсон ішек ауруынан қаза тапты
Чарльз Мэнсон АҚШ-тағы түрмелердің бірінде қамауда жатқан. Денсаулығы сыр берген сотталушыны ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер оны емдей алмады. Ішінен қан кетіп, дереу арада ота қажет болғанымен, дәрігерлер оның денсаулығы отаны көтере алмайды деп шешкен.
Кейін оның ішек-қарын ауруынан көз жұмғаны белгілі болды.
Чарльз Мэнсон 1969 жылы Лос-Анджелес қаласында қанды қырғын ұйымдастырып, режиссер Роман Поланскийдің екіқабат әйелін айуандықпен жарып өлтіріп, тағы да төрт адамды қанға бөктірген.
Алғашында Мэнсон дарға асу жазасына кесілгенімен, Калифорния штатының заңнамасы өзгеріп, оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.