Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы айыппұл салмақ
Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Руфат Акрамов қоғамдық кездесу барысында қалдықтарды тасымалдау кезіндегі тәртіп бұзушылық үшін айыппұл салатындығын мәлімдеді
Басшы мен Жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі мүшелерімен әңгімесі барысында Өскеменде бірқатар мәселелердің қордаланып қалғандығы анықталды.
Әр түрлі қалалық ЖӨӨБК өкілдері Руфат Акрамовқа коммуналды қиыншылықтары туралы хабарлады. Солардың бірі, Аблакетка ауданындағы көпір жөндеу көрмегелі біршама уақыт өткен. Сондықтан одан өту қауіпті. Ал Лесхоз ауылындағы Леваневский көшесінің бойындағы терең шұңқырларды да жөндейтін адам табылмаған. Тағы бір жауыр болған мәселеле – қоқыс тасымалы.
- Мәселелер өте көп. Бүгінгі күні қаржы қарастырылған жұмыстар толық атқарылуда, - дейді Руфат Акрамов. - Ағымдағы мәселелерді шешу бойынша шаралар жасалады. Жарасы жеңіл мәселелер лезде шешімін табатын болады. Ал қоқыс тасымалы мәселесіне келетін болсақ, арнайы қоқыс тамысалдаушылардың жұмысын қадағалайтын арнайы топ құрылды. Егер тәртіп бұзушылар болса, жазалайтын боламыз.
Следующая →