Павлодарлық студенттер мен мектеп оқушылары автобустарда тегін жүреді
Павлодардық әкімшілік пен тасымалдаушылар арасында бекітілген меморандум нәтижесі бойынша оқушылар мен студенттер автобустарда тегін жүретін болады
Осындай хабарлама pavlodarnews.kz сайтында пайда болды. Осылайша, Павлодар - осындай қызметті ұсынып отырған Қазақстандағы алғашқы қала болмақ.
- Барлық мектеп оқушылар мен ЖОО студенттері жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі, - дейді ТҮКШ бөлімінің көлік секторының меңгерушісі Марат Асылбеков. - Бұған 998 млн теңге қажет. Біз бұл қаржыны ешқайдан сұрамаймыз. Тасымалдаушылар барлық шығынды өз мойындарына алып отыр. Біз тасымалдаушылармен меморандумға қол қойып, алдағы уақытта оны қараст ыратын боламыз.
Меморандум басқа да пункттерді қарастырады. Мәселен, қаржы жүйесіндегі ашықтық үшін электронды билеттеу қызметі енгізілетін болады. Ал қажетті құрылғылар қымбат тұратындықтан, тасымалдаушылар жол ақысын 90 теңгеге дейін көтеруді сұрады.
Следующая →