Тарханка ауылы маңында құлап қалған антенна қайта орнатылды
Глубокое ауданындағы Тарханка ауылы маңындағы Интернет желісін таратушы антенна 12 қыркүйек күні құлап қалған болатын. Ал қазір қайта қалпына келтірілді
Ауданда қатты жел тұрып, жотаның басында тұрған антенна кешенін «тамырымен» қосып жұлып әкеткен. Компания бұл антенна қайтадан жөндеуге келмегендіктен, басқасын сатып алған.
- Кешеннің 90 пайызын қалпына келтіріп қойдық. Қазірде Швециядан сатып алған радиорелейлі антеннаның жеткізілуін күтіп отырмыз. Ол осы аптаның аяғына дейін жеткізілуі тиіс, - дейді «Кар-Тел» ЖШС техникалық бөлім басшысы Владимир Проходов.
Егер ауа-райы қолайлы болса, онда жаңа антенна келген күні-ақ орнатылмақ. Ал ауылдағы әкімдік пен аурухана мамандары және электронды «Күнделік» жүйесіне қосылған мектептердің ұстаздары 3G-Интернеттің келуін асыға күтіп жүр.