Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде тағы бір күнбағыс зауыты іске қосылмақ

Желтоқсан айында Өскемен қаласында «Таг-Тин» атты күнбағыс майын дайындайтын зауыт салынып бітпек

Ал келесі жылдан бастап бұл зауыттың өнімдері Қытай мен Ресейге тасымалданады, деп хабарлайды Устинка Live сайты тілшілері.

Биыл кәсіпкерлікті қолдау жол картасының негізінде үш өндіріс орны іске қосылып, өнім шығаруды қолға алмақ.

- Күнбағыс пен рапс дәнін өңдеп, май дайындайтын «Таг-Тин» зауыты, «Алтай Кен Байыту» ЖШС салып жатқан алтын өнімдерін өңдеу фабрикасы және «Өскемен арматура зауыты» АҚ-ның дәнекерлеу кешені биыл салынып бітеді әрі 360 адамды жұмыспен қамтымақ, - дейді ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Тұрсынғазыұлы.

Күнбағыс зауыты іске қосылысымен 47 адамды жұмысқа алмақ. Зауыттың құрылысы 2016 жылы басталған. Ал орнатылған қондырғы мен жабдықтарды Қытайдан алдырған.

- Зауыт май өнімдерін өңдеудің заманауи технологиясымен жабдықталған. Күніне 150 тоннадан астам шикізатты, жылына 34 мың тоннаға жуық күнбағыс пен 25 мың тонна күнжараны өңдей алады. Жыл сайын 9 млрд теңгеге тең күнбағыс өнімдерін сатылымға шығарады, - дейді басқарма басшысы.

2018 жылдан бастап зауыт күнбағыс майын дайындап, оның 70 пайызын Қазақстанда сатса, қалған өнімнің 30 пайызын Қытай мен ТМД елдеріне экспорттамақ. 

Следующая →