Төбесі құлап кеткен мектепте зардап шеккен балалар ауруханадан шығады
Оқиға жұма күні Шемонаиха ауданындағы Усть-Таловка ауылындағы бастауыш сынып кабинетінде орын алған
Оқиға салдарынан төрт бала зардап шегіп, бір баланы ауруханадан бірден шығарған. Қалғаны станционарлық емделуге жатқызылды.
Мектеп басшылығының дерегінше, білім ордасы екі мекемеден тұрады – 1961 жылғы және 1976 жылғы насандар. Ескі нысан бастауыш сыныпқа беріліп, 298 бала білім алып жүрген.
- Төменгі сынып оқушыларын уақытша мектептің екінші бөлігіне көшіреміз. Олар бірінші ауысымда, ал жоғарғы сынып екінші ауысымда оқитын болады, - дейді Астафьев атындағы орта мектеп директоры Рустам Найманбаев. - Сенбі күні балалардың көңілін сұрап қайттып, жағдайлары жақсы, бүгін шығулары керек. Төртінші баланың қолы сынды деген ақпарат расталмады, жеңіл жарақаттар алған. Бір қыз жеңіл сілкініс алған.
Директордың айтуынша, жуық арада жобалық-сметалық құжаттама жасалып, қосалқы нысандағы жөндеу жұмыстары басталады.
- Кеше аппарат жетекшісімен облыс өкілдері келді, - дейді Рустам Викторович. - Олардың айтуынша, бастауыш сыныптарының нысанын жөндеу жұмыстарына қаражат бюджеттен бөлінеді.
Мектеп басшылығының айтуынша, бастауыш оқушыларын ортаңғы және жоғарғы буын оқитын нысанға көшіру ыңғайсыздық тудырмайды. Астафьев атындағы мектепте үш ауысым орын алмайды.
Следующая →