Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

20 қарашаға арналаған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Alibaba қытайлық гипермаркеттер желілерінің үштен бірін сатып алады Alibaba сауда алаңы қытайлық Sun Art Retail 400 гипермаркеттер тобының 36 пайызын 2,9 миллиард долларға сатып алады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды. Айта кету керек, қытайда Sun Art Retail гипермаркеттері Auchan ("Ашан") және RT-Mart ("Ар-Ти Март") сауда маркаларымен жұмыс істейді. Келісім бойынша топтағы Auchan үлесі 36 пайызға дейін өседі. - Аталған альянс бөлшек саудадағы Alibaba-ның жаңа болашағын сипаттайды. Бұл ғаламторлық-тәсіл мен жаңа технологиялар арасындағы дұрыс тепе-теңдікті сақтауды көрсетеді. Мұнымен қоса, біздің қызметтерімізді онлайн және офлайн режимінде пайдалану барысында Қытай тұтынушыларының толыққанды әсерін қамтамасыз ету үшін бөлшек сауда нарығындағы серіктестіктермен тығыз ынтымақтастық курсы сақталады, - дейді Блумберг агенттігі Alibaba мен Sun Art Retail-дің ортақ пікірін келтіре отырып. Қытайлық Alibaba ірі ғаламтор компаниясының 2017-18 жылғы бірінші тоқсандағы пайдасы 1,96 есеге өсіп, 2,07 млрд долларды құраған. Бұл кезеңдегі пайда 56 пайызға – 7,4 млрд долларға өскен. Компанияның негізгі саласынан түскен пайда, яғни, электронды сауда 86 пайызды құраған. Alibaba Group- Қытайдағы электронды коммерция саласында жұмыс істейтін ірі ғаламтор-компания. 1999 жылы Джек Ма негізін қалаған. Топтың жеке Alipay электоронды төлем жүйесі мен Alibaba, AliExpress және Taobao сынды бірнеше қосалқы ғаламтор алаңы бар. Санкт-Петербург автобазарында ірі өрт орын алды Оқиға Красногвардейский ауданындағы автокөлік базарында орын алған. Оқиға орнында түсірілген бейнежазбаны редакцияға азаматтық журналист жіберген, деп хабарлайды life.ru. Куәгердің айтуынша, Энергетиктер даңғылындағы өрт түн ортасында шыққан. Болжам бойынша, алдымен ықшам автобус өртке оранып, бірнеше минуттан соң от өзге көліктерді де жалмаған. Өрт барысында барлығы сегіз ықшам автобустар зардап шексе, олардың екеуі тым-титығы қалмай жанып кеткен. Өрттен келген шығын 3,5 млн рубльге бағаланып отыр. Өрттің себебі әзірге белгісіз. Жаңа Каледония жағалауларына цунами қауіп төндіріп тұр Жаңа Каледония билігі цунами қауіпіне байланысты адамдарды көшіру керектігін жариялады. Биіктігі 0,3-ден бір метрге жететін толқындар туралы ескерту Лоялти және Иль-де-Пан аралдарында жасалды, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар. Жуықта Жаңа Каледония жағалауында, Тынық мұхитында 7,3 магнитудалы жер сілкінісінің орын алғаны туралы хабарланған. Мароккода гуманитарлы көмек тарату барысында 15 адам қаза тапты Эс-Сувейра қаласында гуманитарлы көмек тарату барысындағы кептелістен 15 адам қаза тауып, тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Корреспондент.net. Оқиға Сиди Буалу жергілікті мекеніндегі тамаққа зәру жандарға ас тарату барысында, орын алған. «Азық-түлікті Касабланкадан келген гуманитарлы миссиясы өкілдері таратқан. Тарату бекетінде кептеліс орын алып, жиырмадан астам адам жерге құлаған. Олардың ішінде жиырма әйел тұншығудан қаза тапты. Сол сияқты тоғыз әйел зардап шекті», - дейді хабарландыруда. Кептелістің салдары көмек тарату үрдісіндегі гуманитарлы ұйымдастыруды бақылаудың болмауынан шықты. Марокко королі Мохаммед VI қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Facebook қолданушылары жарияланымдарын өшіру мүмкіндігінен айрылды Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылары өздерінің ескі посттарын өшіре алмауына шағымданды. Мұнымен қоса жарияланымдарды жою мүмкіндігі декстопты нұсқадан ғана жоғалған, ал мобильді қосымшаларда ол жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды VentureBeat. Көптеген пайдаланушылардың пікірінше, Facebook мұны әдейі істеген және осыған байланысты қателіктер кеткен. Өз кезегінде басылым компанияның бұл әрекетінен айла көріп отыр. Бұл әрекеттер арқылы компания адамдарды тек мобильді қосымшаларды пайдалануға итермелейді-мыс.
Следующая →