Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жұмысшылар жалақыларын ала алмай жүр

Облыстағы 570 кәсіпорын өз жұмысшыларына 538 млн теңге қарыз. Ал 2300-ден аса жұмысшы өзіне тиесілі жалақаны ала алмай жүр

Биыл кәсіпорындардың жұмысшылар алдындағы қарызы екі есеге азайған. Егер былтыр кәсіпорындар 5500-ге жуық жұмысшыға 1 млрд 325 млн теңге берешек болса, биыл бұл 530 млн теңгеге дейін азайған. Яғни, былтырдан бері қарызға белшесінен батқан 160 кәсіпорын өз ісін тоқтатып, 450 млн теңгеге тең берешегін жұмысшыларына қайтарған. Ал қалғандары әлі қайтара алмай отыр. Әсіресе, Өскемен мен Семей, Зырян қаласындағы кәсіпорындардың жұмысшы алдындағы берешегі көп. Өскемендегі кәсіпорындар қызметкерлеріне 268 млн теңге қарыз болса, Семей кәсіпкерлері 216 млн теңге қарыз.

- Кәсіпорындардың көбі ақы төлеуге қаржысы жетпегендіктен, несие мен қарыздарын өтей алмай отыр. Қаржылық қиындықтарға тап болған. Мұндай кәсіпорындар азаматтар алдындағы берешегін қайтаратын болады. Биыл соттың шешімі арқылы 580 жұмысшыға 100 млн теңге жалақы қайтарылды, - дейді ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.

Ал қаржысы бар, алайда жұмысшыларымен есептесуге құлық танытпаған 400 кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынған. Айыппұлдардың жалпы сомасы - 49 млн теңге. Ал 500-ге тарта кәсіпкерге ескерту жасалып, есептесуге уақыт берілген.

Дегенмен, бірнеше жыл қатарынан өз берешегінен құтыла алмай жүрген кәсіпорындар бар. Семейде «Тасқара» құрылыс кәсіпорны 18 млн теңге, «Родникова» ЖШС 20 млн теңге берешек. Ал жеті жыл бойы қарыздан құтыла алмаған «Шығысмашзауыт» кәсіпорны биыл ғана 200 млн қарызын өтей алды. 

Следующая →