12 жастағы қыз өз-өзіне қол салды
Зырян қаласындағы алтыншы сынып оқушысы бөтен мектептегі қыздармен бірге жерлеуді өтініп, жазба қалдырып кеткен
Сейсенбі күні Зырян қаласында алтыншы сынып оқитын қыз асылып қалды.
Болжам бойынша 12 жастағы қыз мұндай қадамға өз еркімен барған.
Білім ордасының әкімшілігі қыздың өз хатында атаған қыздардың ата-аналарына ескерту айтып, балаларына сақ болуын сұраған.
- ҚР ҚК 105-бабы 3-тармағы «Кәмелет жасқа толмаған адамға қатысты өз-өзіне қол салуға итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Тергеу аясында болған оқиға жайын анықтайтын сараптамалар бекітілді.
Оқушының мұндай қадамға не үшін барғанын полиция анықтайды. Қаза тапқан қызды атасы асырап келген. Ал анасы ата-аналық құқығынан айрылған.
Следующая →