«Эйр Астана» ТМД мен Орта Азияда жоқ ұшақ сатып алмақ
«Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus A320neo технологиясына тиесілі алты ұшақ түрін сатып алмақ. Қазірде келісімшартқа қол қойылған
Оның ішінде Airbus A320neo авиалейнерінен үш ұшақ, Airbus A321neo-ден үшеу сатып алынады. Ұшақтар 2019-2020 жылдар аралығында жеткізілмек. Қазақстандық әуе компаниясы бұған дейін де 2015 жылы аталмыш ұшақтардың он бірін сатып алған болатын. 2020 жылы бұл ұшақтардың саны 17-ге жетпек.
Ал «Эйр Астана» компаниясы болса, аталмыш ұшақ түрлерін сатып алған ТМД мен Орта Азия елдері арасындағы алғашқы кәсіпорын болып отыр.
Бұл ұшақтардың ерекшелігі – оған көп жолаушының сиятындығы. Әуе компаниясы аталмыш ұшақ түрлерін сатып ала отырып, жолаушылар тасымалын 38 пайызға көтермек.
- Біз әуе компаниясының ұшақтар тізімін әлі де толықтыруды көздеп отырмыз. Алдағы он жылдың ішінде жаңадан 64 ұшақ сатып алынбақ, - дейді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер. - Airbus A320neo ұшақтары өзінің сенімділігімен ерекшеленеді. Біз бұл келісімшартқа қол қоюға қуаныштымыз.