Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көмір тапшылығы жоқ, вагон тапшылығы...

Соңғы үш апта бойы Защита өңірі мен Базовая көшесіндегі теміржол бекеттері көмір күткен жүк көліктерінің кезегіне толды

Жүргізушілердің көптен күткен отынды алу үмітін үзбей, кезекте бірнеше тәулік қатарынан тұрғанын өкілетті органдарға хабарлаған едік.

Мұндай жағдай жұма күні орын алған. Ал сенбі күні Базовая көшесіне көмір тиеген төрт вагон тоқтаған. Қала тұрғындарының біраз бөлігі отынға қол жеткізді. Дүйсенбі және сейсенбі күндері отын тағы таусылып қалды. Бұл жағдайларды Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қоңырбаев түсіндірді.

- Көмір тапшылығы жоқ, - дейді Ермек Қоңырбаев. - Меморандум бойынша «Қаражыра ЛТД» ЖШС-мен 35 мың тонна әлеуметтік көмір тасымалдауға шарт бар. Бүгінгі таңда 27 мың 331 тонна немесе 78 пайыз жеңілдетілген отын жеткізілді. Сол сияқты Өскемен қаласына 232 мың тонна қарапайым көмір тасымалдауға шарт бар. 189 мың тонна немесе 82 пайыз көмір тағы тасымалданды. Иә, вагондардың жетіспейтіні рас. Бірақ мұның көмір тапшылығына қатысы жоқ. Күн сайын бірнеше вагондар қатынайды. Дүрлікпе болмауы керек.

Дегенмен, дүрлікпе бар. Адамдардың айтуынша, көмір аздан келеді және олардың біраз бөлігін алып-сатарлар алып кетеді. Оларды кезектен тыс өткізе береді. Билік өкілдері мәселенің шешімін табуға уәде берді.

Следующая →