Үш адам газдан уланды
Өскемен қаласының үш тұрғыны газдан уланды. Оған үй бикесінің салғырттығы себеп болған
Оқыс оқиға 11 қараша күні Титановая көшесіндегі үйлердің бірінде орын алған.
- Жер үйдің тұрғыны пештің жапқышын жауып қойып, ұйықтап қалған, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова. - Сондықтан газ тікелей үйге кіре бастаған. Нәтижесінде үйде болған үш адам газдан уланған. Екі тұрғынына иіс аздап тисе, әйел адам ауыр зардап шегіп, қазігі таңда ауруханада жатыр.
Айта кеткен жөн, жылыту маусымы басталған алғашқы айда Өскеменде 10 адам газдан уланып зардап шексе, үш адам өрттен көз жұмды.
Следующая →