Зайсанда браконьерлер ұсталды
Зайсан көлінде заңсыз балық аулаған екі браконьер елге 600 мың теңге шығын келтірген.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы инспекторы мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары бірігіп көл жағасында рейд жүргізген.
Нәтижесінде 11 қараша күні Көкпекті ауданына қарасты Тассай ауылының тұрғыны көл маңында құжатсыз балық аулап, мемлекетке 311 мың теңге зиян келтірген.
- Браконьер 100 килограмнан астам балық аулаған. Моторлы қайығы да бар, оның ішінде бес ау табылды, - дейді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы.
Ал инспекторлар келесі күні көл жағасында 92 килограмм көксерке балығын аулаған Тұғыл ауылының тұрғынын ұстаған. Ол мемлекетке 271 мың теңге шығын келтірген.
Сұғанақ балықшылардың ісі құқық қорғау органына жіберілген.