Өскеменде 4 күн ішінде ЖЖЕ бұзғандардан 14 млн теңге өндірілді
«Борышкер» акциясы барысында 9 автокөлік тәркіленіп, айыппұл тұрағына жеткізілді. Себебі көлік иелері айыппұлдарын төлей алмаған.
Он бірінші рет қатарынан өткізілген «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында жол жүру ережелерін бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерден 14 млн теңге өндірілді.
Акция полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларымен жүргізілуде.
- Жыл басынан бері қарыздар көлемі 843 миллион теңгені құраса, енді 292 миллион теңге өндіру қажет, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі.
Ықтиярсыз өндіру үшін 117 ұйғарым жұмыс орындарына жіберілді.