Астанада ұлттық ұланға шабуыл жасалды
Ұлттық ұланның астаналық әскери қызметкерлері аспаздық пышақпен қаруланған ер адамды ұстады. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлайды
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қызметін атқару барысында әскери наряд басшысы Бекарыс Демесенов пен қатардағы патруль Ғасанбек Бабаханов, Құрманғазы Кесікбай Жирентаев көшесінде патрульде жүріп, күдікті адамды кездестірген.
- Оң қолын қалтасында ұстаған азамат артқы жағынан пышақ алып шығып, ұландықтарға қарсы сермей берген. Патруль Бабаханов оның қолынан шап беріп, қаруын қолынан шығарып, қайта қаруланып алмасын деген оймен пышақты табанының астына алған. Бұл аралықта екі ұландық күдіктінің қолын арқасына қайырып ұстап тұрған. Қарсыласын қарусыздандырып, наряд болған оқиғаны әскери наряд кезекшісі, аға лейтенант Жеңіс Құрамысовқа баяндаған, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.
Оқиға орнына кезекші келген соң, ұсталған азамат Алматылық АІІБ-ге жеткізілді.