№2 перзентхана қашан іске қосылады?
Ворошилова көшесіндегі нысан жөндеу жұмысына байланысты қызметін тоқтатып тұр
Медициналық мекеме 1 қараша күні жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылған. Бұл жұмыстар төрт ай ішінде аяқталады деп жоспарланған.
- Қазір біз ашылу салтанатына дайындалу барысындамыз, - дейді Ана мен бала орталығы директорының міндетін атқарушы Қарлығаш Мәжірінова. - Алғашқы рет 20 қараша күні ашылады деп жоспарлағанбыз. Егер мүмкіндік болса 16 қарашада ашылады. Барлығы залалсыздандыру жұмыстарынан кейінгі жуу әрекеттеріне байланысты.
Ұзақ «демалыстарға» байланысты медициналық мекеме айналысында көптеген сөз айтылып келген. Ол тіпті жеке меншік қолға өтеді деген пайымдар болды. Алайда, бұлардың барлығы расталмады.