Қазақстандық тәтті-таралғы 30-40 пайызға қымбаттауы мүмкін
«Рахат» АҚ сарапшыларының айтуынша, сатыл алу қабілеті төмендеген қазақстандықтар неғұрлым арзан кондитер өнімдерін сатып ала бастаған. Бұл туралы Energy Prom сайты хабарлайды.
Дегенмен, жуық арада қазақстандық өндірістің кондитер өнімдері 30-40 пайызға қымбаттауы мүмкін. Егер ресейлік және беларусь кәсіпкерлері Кедендік одақ шекарасындағы қант импортын қолпаштай кетсе, бұл қымбатшылық жүзеге асады.
Кондитерлер айтып өткендей, кондитер өнімдерінің өзіндік құн құрылымында қант 50 пайызды алады. Оның құнының кез-келген қозғалысы қазақстандық өнімнің өзіндік бағасына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.