Достық үйінің көшуіне байланысты Металлургетер мәдениет сарайындағы үйірмелер алына ма?
Жуықта Этномәдени бірлестік Метталургтер мәдениет сарайына көшеді
Естеріңізге саламыз, қыркүйек айының соңында Металлургтер мәдениет сарайына Достық үйінің көшетіні белгілі болған. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына арналған гала концерт барысында мәлімдеген. Алайда бұған қатысты ешқандай өзгеріс орын алған жоқ. Олардың көшу мерзімі тек қараша-желтоқсан айларына көзделген.
Үйірмелер мен дайындықтар жыл соңына дейін ММҮ-де жұмыс істейтін болады. Мәдениет басқармасы хабарлағандай, шығармашылық ұжымдармен жасалған шарт 31 желтоқсанға дейін көзделген. Кейін олар Орталық мәдениет үйіне көшеді.
Қыстың жақындап қалуына байланысты ММҮ-де аббаттандыру жұмыстары жүргізілмейді. Ворошилова көшесінен көркінен айрылған нысанда жөндеу жұмыстары келесі жылдың еншісінде.