Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыста гепатит А-ға қарсы вакцина жоқ

Бұл кезекте Шығыс Қазақстанда аталған ауруға шалдыққандар саны артып келеді

Ағымдағы жылдың қыркүйек қазан айларында облыста бұл ауруға шалдыққандар саны бір жарым есеге артқан. Мамандардың айтуынша, қыркүйек айында ғана 9 адамның дертке шалдыққаны тіркелген. Алайда гепатитке күдікті адамдар саны әлдеқайда көп. Қазан айында бұл кеселге 18 адам шалдыққан.

Анықталғандай, облысымыз дерттің мұндай белең алуына дайын емес. Қазақстанда вакцина тегін болса да, облыс орталығында да, аудандарда да жоқ.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда гепатит А дертіне қарсы вакцина сатып алу сұрағы шешілуде. Тендер екі рет жарияланып қойса да, әлеуетті тасымалдаушылар табылатын емес.

Ауруға шалдыққандар саны бойынша Зырян мен Аягөз аудандары алдыңғы қатарда. Бұл аудандарда 8 адамнан, Шемонайхада 5 адам және Семей мен Үржарда 3 адамнан ауруға шалдыққан. Ең жас науқас не бары 3 жаста. Мұның барлығы зертханалық тұрғыда расталған фактілер.

Дертке шалдыққандардың 74 пайызы – оқушылар. Мамандардың айтуынша 5 жасар Өскемен тұрғыны дертті Ново-Ильинкадағы туыстарынан жұқтырған. Дегенмен оның диагнозы әлі расталмаса да, амбулаториялық ем алуда.

 

Следующая →
Тақырыптар: Гепатит в ВКО