Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка Live

ШҚО-да кезекті қатыгез өлім орын алды

Риддер тұрғыны өзінің бөтелкелесін бірнеше рет пышақпен ұрып, бауыздап тастаған

ШҚО Ауданаралық мамандандырылған сотында танысын өлтіргені үшін айыпталған Риддер тұрғынының ісі қаралды

26 жастағы азамат бөтелкелесін өлтіріп қана қоймай, қатыгез тұрғыда тамағынан бауыздаған. Жан түршігерлік оқиға тәртіп сақшыларымен Горноспасательный көшесінде тіркелген. Оқиға болашақ құрбанның үйінде ішімдік ішуден басталған...

Үрдіс барысында үй иесі мен қонақтың арасында жанжал шыққан. Отағасының әйелі бүлдіршін қызын ертіп, көршісіне кетіп қалған. Еркектер арақ ішуді өз беттерінше жалғастыра берген.

Бөтелкелестер арасында қайшылық шыққанда, қонақ ас үй пышағын шұлығына тығып, дайын отырған. Ұрсыс төбелеске ұласқанда, пышағын алып шығып, үй иесінің арқасынан алты рет пышақ сұққан. Зардап шегуші көшеге қашып шықса да, қаскүнем қуып жетіп, кеудесіне екі рет пыша салған. Құрбанының құрығанына көз жеткізу үшін тамағынан пышақпен жүріп өткен.

Сот барысында күдікті тек өзін қорғағанын айтып, құрбанның кірпішпен шабуыл жасағанын мәлімдеген. Тек, полиция аталған кірпішті таба алмады. Ер адам тоғыз жылға қатаң тәртіптегі колонияға қамалады.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Следующая →