ШҚО-да адвокаттар жетіспейді
Әділет департаменті облыста барлығы 433 адвокат бар дейді. Қорғаушыларды тұрғындарға шаққанда, шамамен, бір адвокат 3221 тұрғынға қызмет етеді екен. Ал дамыған елдерде бір адвокатқа 2000-ға жуық тұрғын сәйкес келеді.
- Облыста барлығы 1,5 млн халық тұрады. Тұрғындардың барлығын қорғаушылармен қамтамасыз ету үшін адвокаттардың қатарын арттыру қажет. «Адвокаттық қызмет және заңнамалық көмек туралы» заңнаманың басты мақсаты да қорғаушылардың санын арттыру әрі олардың қарапайым тұрғындарға тегін көмектесуін қалыптастыру, - дейді ШҚО Әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаев.
Мамандар заңнама нарығындағы қызмет түрлерінің бағасын есептей отырып, адвокат қызметіне де қойылатын бағаның да орташа құнын мақұлдамақ. Бұл қорғаушылардың бағаны негізсіз көтеруіне кедергі болмақ.
- Сонымен қатар, жаңа заң бойынша тұрғындар қорғаушылардың сапасыз көрсеткен қызметі үшін сақтандыру қорынан қаржы талап ете алатын болады. Сондықтан қорғаушылар сапасыз көрсеткен қызметі үшін жауапқа тартылады, - дейді ведомства басшысы.