Квадрациклдың астында қалды
Зырян ауданындағы Кутиха ауылына жақын маңдағы таудан 37 жастағы ер адамның денесі табылды
Алдын ала болжам бойынша, азамат биік таудың басына мототехникамен көтерілмек болған сәтте квдрацикл аударылып, ер адам оның астында қалса керек.
Зырян ауданының екі тұрғыны квадрациклдерімен тауды араламақ болғаны анықталды. Ал екі азаматтың жолдары екі айырылып, біріншісі үйіне қайтқан уақытта екіншісінің жұбайы жолдасының оралмағанын айтқан.
- Зырян тұрғыны полиция бөліміне келіп, күйеуінің із-түссіз кеткенін мәлімдеген, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Арызға байланысты іздестіру шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде Кутиха ауылынан 20 шақырым жерде ер адамның мәйіті табылды.
Следующая →