7 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Венесуэла президенті Ұлттық қорғаныс кеңесінің отырысын жедел шақырды
Ел төңірегіндегі су-электр көздері жүйесін істен шығару әрекетіне байланысты Венесуэла президенті Николас Мадуро жедел Ұлттық қорғаныс кеңесін өткізуді талап етті. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.
- Жолдас атқарушы вице-президент (Тарек Эль-Айссами), Қауіпсіздік кеңесі мен ел қорғанысы отырысын әскери, полиция және барлау қызметінің қатысуымен өткізіңіз. Электр-сумен қамту жүйелерін қорғау әрекеттерін құрыңдар, - дейді Мадуро.
Оның пікірінше, елдегі тұрақтылықты бұзу үшін қарсыластары «соғыстың түрлерін өзгерткен».
Венесуэлада орын алған ең үлкен апаттардың бірі Каракастағы қосалқы станцияда орын алды. Қаланың біршама аудандарында тұратын ондаған мың адам жарықсыз қалды. Болған оқиғаның салдары халыққа жарияланбады.
Венесуэла билігінің деректері бойынша, 40-тан астам адам электрмен қамту жүйесінің жұмыстарын бұзбақ болған. Коп жағдайда қаскүнемдер кабельдер мен өзге құралдарды ұрлап кетуді көздеген.
Трампқа дөрекі белгі көрсеткен әйел жұмыстан қуылды
РОСБАЛТ хабарлағандай, 50 жасар Джули Бриксмэнн компания саясатын бұзғаны үшін айыпталған. Аталғандай, компания мемлекеттік тапсырыстарды да орындайды. Сондықтан жетекшілік өз бизнесіне әйелдің әрекеті нұқсан келтіреді деп шешті.
Естеріңізге саламыз, Виргиния штатында Ақ үй иесң өзінің гольф-клубынан қайтып келе жатқан. Президент кортежі велосипедшіні озып барып, баяу қозғалған.
Бұл сәтте велосипедтегі әйел сәл озып, кортежге ортаңғы саусағын көрсетіп кеткен. Әлеуметті желі қолданушылары Джули Бриксмэннің әрекетін «батырлыққа» балады.
Сириядағы ресейлік журналистер мен әскерилер фугаста жарылды
Сириялық Дейр-эз-Зор қаласында ресейлік төрт тілші мен бес әскери қызметкер басқармалы фугастың жарылуынан зардап шекті, деп хабарлайды РФ Қорғаныс министрлігі.
«Зардап шеккендер жедел Хмеймим әуебазасына жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлайды қорғаныс мекемесі.
Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төнбейтінін хабарлайды. Зардап шеккен әскерилер өңірді минадан тазартумен айналысып жүрген.
Әлемді мұнай құны өсуде
Brent маркалы мұнай құны барреліне $64 құрады. Бұл туралы RT хабарлайды.
Сауда барысында Brent мұнайына қаңтарлық фьючерстер 3,14 пайызға өсіп, баррелі $64,02 құрады.
Пхенчхандағы олимпиада ойындарында Ресей әнұранына тыйым салынады
Бұл туралы New York Times газеті өз ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлайды. Сол сияқты Ойынның ашылу салтанатында ресейлік спортшыларға кіруге тыйым салынуы ықтимал. Мұндай санкциялар Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдерімен Сочидегі Олимпиада ойындары 2014 барысындағы антидопинг ережесін бұзған ресейліктердің жазасы деп қаралуда.
Ресей құрамасын 2018 Ойындарына кіргізу шешімі ХОК атқарушы комитетімен желтоқсан айында шығады.
Антидопинг ережелерін бұзған ресейлік шаңғышылар Алекстандра Легкова мен Евгения Белова 1 қарашадан бастап өмір бойы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Ал Сочидегі Олимпиада 2014 қорытындылары жоққа шығарылады.
Следующая →
Тақырыптар:
Утренняя панорама мировых новостей Президент Венесуэлы Николас Мадуро Президент США Дональд Трамп Военный конфликт в Сирии Мировые цены на нефть Олимпийские игры - 2018