Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Спорт Сарайы маңындағы көлік тұрағы кеңейтіледі ме?

Өскемен қаласының тұрғындары Спорт Сарайы алдындағы көлік қоятын орынның тар екендігіне наразы.

Былтырғы жылы Спорт Сарайының маңындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көлік қоятын орын да кеңейтілмек болған. Дегенмен, қала билігі спорт кешені мен Үлбі өзені арасында асфальт төселгенімен, тұрақ орны кеңейтіле қойған жоқ.

- Асфальт төселгеннен не пайда? Бұрынғы тұраққа көлік көбірек сиятын еді. Асфальт төселіп, екі жақтан айырма белгілері салынды.Тұрақта көлік қаптап кеткен кезде, жүретін жер қалмай қалады, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Алексей Якушин.

Ал қалалық Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі бұл мәселені шешеміз деп отыр.

- Жазда волейболдан Азия Чемпионаты өткізілген кезде автотұрақ орны кеңейтіліп, артық 100 көлік сиятындай етіп асфальтталған болатын. Қазіргі уақытта бөлімде автотұрақты тағы да кеңейту жолдары қарастырылуда, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары міндетін атқарушы Еркін Тұраров.

Айта кету керек, Спорт сарайына 4200 адам сияды. Ал хоккей мачтары кезінде кешеннің іші адамға лық толады. Ал көшеде көліктер сыймайды. 

Следующая →