Дональд Трамп пен Путин кездесуі мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп Азия мен Тынық мұхиты өңірлеріне сапары барысында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі мүмкін
Бұл туралы Ақ үйдің иесі «Фокс-ньюс» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
- Путинмен кездесуіміз мүмкін, - дейді Трамп. - Тағы қайталаймын, Путиннің маңызы зор. Себебі олар Солтүстік Корея мәселесін шешуге көмектесуі мүмкін. Олар Сириядағы мәселені реттеуге де көмектесе алады. Біз Украина дағдарысын талқылауымыз керек.
Трамп Азия елдерін ұзақ уақыт аралайды. Бұл сапар барысында Ақ үй басшысы Жапонияда, Корея Республикасында, Қытай, Вьетнам және Филиппинде болады. Турне аясында 10 қараша күні вьетнамдық Дананге қаласында өтетін Азиялық-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық саммитіне қатысады. Сол сияқты 12-13 қараша күндері Маниладағы саммитте болады.