Өскемендіктердің сынынан соң «Сәулетай» саябағы тазартылды
«Өскемен Тәртіп» коммуналды кәсіпорнының жұмысшылар балалар саябағын тазартты
Осыған дейін еленбей келген «Сәулетай» саябағына билік өкілдерінің назары ауды.
- Қашаны алып тастағаннан бері мұнда тұрғылықты мекені жоқ адамдар да, иттер де табиғи қажеттілігін өтеуге келеді, - дейді қала тұрғыны Валентина Сидоренко.
Қала тұрғындарының шағымын естіген коммуналды қызметкерлер саябақта қысқа дейінгі тазарту жұмыстарын жүргізді.
- Бұл саябақ біздің баланста, - дейді «Өскемен-Тәртіп» коммуналды кәсіпорнының басшысы Тамара Рахимжанова. - Ол жерде жол сыпырылып, қоқыс жәшіктері тазаланады. Бүгін жоспарлы түрде қысқа дайындық өтті – жапырақтар тазартылып, розалар қиылды.
Тамара Анатольевна айтып өткендей, биыл «Сәулетай» нысандары сырланып, орындықтар орнында қалды. Сонымен қатар қыста жолдар қардан тазартылып тұрады.
Қала тұрғындары мұны да аз көреді. Олардың айтуынша, саябақты толықтай жаңарту керек.
Следующая →