Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Үлкен Нарында атыс ұйымдастырған полицейге қатысты сот үкімі шықты

Полиция қызметкері, аға лейтенант Марат Маймақов адам өлтірді деп айыпталып, 15 жыл бас бостандығынан айырылды.

Өскеменде Катонқарағай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкері, кинолог-инспектор Марат Маймақовқа қатысты сот үкімі шығып, оны адам өлтіргені үшін және бір тұрғынға қастандық жасағаны үшін он бес жарым жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Алайда туған-туыстарды соттың бұл үкімімен келіспей отыр.

Оқиға 2 сәуір күні болған. Катонқарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылының «бұзықтары» бірнеше тұрғынды сабап кеткен. Таяқ жеген тұрғындардың бірі аудандық полиция бөлімшесінде жұмыс істейтін ағасына барып шағымданған. Құқық қорғау органының қызметкері мен оның інісі екеуі «бұзықтарды» іздеуге шығып, оларды көлік жөндейтін орыннан тауып алған. Қылмыскерлер қаруланған болып шықты. Олардың бірі полицейдің бауырын травматпен аяқтан атып жаралап, аға лейтенанттың өзін өлтірмек болған. Ал полицей өзінің қаруын алып шығып, жоғары оқ атып, ескерту жасағанымен, олар бұған көнбеген. Кейін «бұзықтардың» бірі оқиға орнында көз жұмып, бірі ауыр жараланған.

Полицейдің туған-туыстары болса, бұл «бұзықтардың» осы аудандағы қылмыстық топ, қарақшылар екендігін айтып, құқық қорғау қызметінің өз міндетін абыроймен атқарғанын ескертіп, сот шешімімен келіспей отыр.

Алайда сот күдіктіні жедел іздеу тобын ұйымдастырмай, бір өзі «мәселені» шешпек болғаны дұрыс емес деп, ҚК-тің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша айыпты ретінде таныды.

Ал сотталғаннның туған-туыстары апелляциялық арыз жазуға бекініп отыр. 

Следующая →