Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

3 қарашаға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Бұрынғы көтерілісші жауынгер Колумбия президенті атануы мүмкін

«Колумбия революциялық қарулы күштері» солрадикалды көтерілісшілер тобының бұрынғы басшысы Родриго Лондоньо Эчеверри келесі жылы Колумбия президенттігіне үміткер болады, деп хабарлайды Интерфакс. Қазіргі уақытта тарап кеткен КРҚК тобының мүшелерінен құрылған «Колумбияның баламалы қоғамдық революциялық күштері» партиясы Эчеверриді үміткер ретінде ұсынатындарын жариялады.

- Қарапайым адамдар мен жаңартылған қоғамды қалайтындар үшін лайықты үміткермін, - дейді көтерілісшілердің бұрынғы басшысы және келіссөз тобының мүшесі Иван Маркес.

«Колумбияның баламалы қоғамдық революциялық күштері» партиясымен вице-президент орнына ұсынылған Имельда Дасаның айтуынша, партияның негізгі идеясы Колумбияның экономикалық моделін күшейтуге бағытталған.

- Біз әлдеқайда адами модель құруды көздеп отырмыз, - дейді ол.

Колумбиядағы президент сайлауы 2018 жылдың 27 мамырына жоспарланған.

Р. Лондоньо Эчеверри 2011 жылы Колумбия революциялық қарулы күштерін басқарып, Латын Америкасындағы 52 жылдық қақтығысқа нүкте қойған тұлғалардың бірі саналады. Ол өзіне кеңес маршалы Семен Тимошенконың тегін лақап аты етіп алған.

Сальвадор жағалауында жүздеген теңіз тасбақасының өліктері анықталды

Бұл туралы ТАСС агенттігі орталық америкалық республиканың Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жағадан 13 шақырым жерден 300-400-ге жуық өлі тасбақалар анықталған. «Тасбақалардың қырылу себебі белгісіз» - деп хабарлайды мекеме. Зертханалық сараптама жұмысын жүргізу үшін Министрлік тасбақалардың тіндерін алды.

Мұндай жағдай Сальвадорда 2013 жылы орын алған. Билік тарабының пікірінше, олар улы балдырлармен қоректенген.

Чикаголық кафеде белгісіз біреу атыс шығарды

Құқыққорғаушылардың деректерінше, бетін тұмшалап алған қаскүнем Starbucks кафесіне кіріп, адамдарға оқ жаудыра бастаған. Бір адам қаза тапқан.

Полиция қызметкерлері хабарлағандай, бір адам және 12 жасар бір бала жарақат алған. Қаскүнем оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Қазір оны құқыққорғаушылар іздестіруде.

Испанияда 8 каталондық шенеунік ұсталды

Испания Ұлттық сот палатасының шешімімен Каталония үкіметінің бұрынғы 8 мүшесі қамауға алынды. Олардың арасында автономиялық қауымдастық басшысының орынбасары Ориол Жункарес бар.

El Pais хабарлағандай, шенеуніктер іс қаралғанға дейін қамауда болады. Автономия тәуелсіздігі жарияланғанға дейін өз еркімен жұмыстан кеткен кәсіпкерлік ісі бойынша экс-кеңесші Санти Вила бостандықта қалады. Бұл үшін 50 мың еуро көлемінде кепілақы төлеуі керек.

Бельгияға кетіп қалған Каталония басшысы Карлес Пучдемон мен оның жақтастары халықаралық іздеуге жарияланды. Пучдемоннан басқа сот отырысына келуден төрт адам бас тартты. Естеріңізге

Спорт комментаторы Васили Уткин тікелей эфир барысында орындықтан құлап қалды

«Спорт ҒМ» радиостанциясының эфирі барысында футбол комментаторы Васили Уткин орындықтан құлап қалды. Ол құлаған жерінде бірнеше секунд жатқан. Болған оқиға бейнебаяны радиостанция «твиттерінде» пайда болды, деп хабарлайды life.ru.

- Бұл мектеп кезінен бері астымда құлаған алтыншы ат. Бірақ эфирде – бірінші рет! Барлық трюктер тәжірибелі мамандармен орындалған, үлкендердің қарауынсыз үйде қайталамаңдар, - деп қалжыңдайды Уткин «Инстаграмдағы» парақшасында.

Следующая →